Мектебімізде "Спорт және өнер" ПӘБ айлығы аясында бейнелеу пәнінің мұғалімі С.Жұмаділлаев пен еңбек пәнінің мұғалімі Д.Алибекованың ұйымдастыруымен зорлық-зомбылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға қатысқан оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы мейірімділік, қауіпсіздік, өзара құрмет сынды құндылықтарды бейнелеп, тақырыпқа қатысты өз көзқарастарын көрсетті.
Іс-шараға белсенді қатысып, жоғары жауапкершілік танытқан барлық оқушыларға және бағыт-бағдар берген ұстаздарға алғыс білдіреміз.
Балалардың жан-жақты дамуы мен қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.





