Отырар жалпы білім беретін мектебінде 4 ә сынып жетекшісі Ш.Битуованың ұйымдастыруымен «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл кеш – бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше де әсерлі мереке болды. Төрт жыл бойы алғашқы ұстаздарынан тәлім-тәрбие алып, білім нәрімен сусындаған шәкірттер бастауышпен қоштасып, орта буынға қадам басты.
Іс-шара барысында оқушылар әсем ән шырқап, би билеп, жүрекке жылы әсер сыйлайтын тақпақтарын айтып, хор орындады. Оқушылардың өнері мен белсенділігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында ұстаздарға деген алғыс сөздер айтылып, ата-аналардың қуанышы мен толқынысы ерекше сезілді. Әрбір оқушының жетістігі мен балалық шақтың тәтті естеліктері көрініс тапқан бұл кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай тағылымы мол іс-шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі Ш.Битуоваға алғыс білдіреміз.
Бастауышпен қоштасқан бүлдіршіндерге ақ жол, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!





