“АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Отырар” жалпы білім беретін мектебінде 9–11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа мектеп директоры К.Асилбеков қатысып, жоғары сынып оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар жасөспірімдердің болашаққа дұрыс бағыт алып, өмірлік таңдауларда жауапкершілік танытуының маңыздылығына тоқталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абишов оқушылар арасындағы тәртіп пен құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, интернеттегі мәдениет пен әлеуметтік желідегі жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ кешкі уақыттағы бақылау, жастар арасындағы әдептілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Жиналыс барысында сынып жетекшілері оқушылардың оқу үлгерімі, қорытынды емтиханға дайындық, кәсіптік бағдар беру және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде ата-аналармен пікір алмасты.
Ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтты.
Білімді ұрпақ – ел тірегі!
Тәрбие мен жауапкершілік – табысты болашақтың негізі!





