Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс

«Отырар» жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында мектеп ауласын көгалдандыру, табиғатты аялау және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында үлкен игі іс атқарылды.

Мектебіміздің 1990–1991 жылдары туылған түлектері туған білім ордасына деген ыстық ықыластары мен азаматтық жанашырлықтарын танытып, демеушілік жасап, мектеп ауласына құдық қаздырып берді. Бұл — тек материалдық көмек қана емес, туған мектебіне деген құрметтің, кейінгі буынға деген қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Қазылған құдық алдағы уақытта мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына, ағаштар мен гүлдерді суаруға үлкен септігін тигізеді. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар арқылы мектеп ауласы жасыл желекке оранып, оқушылар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптасары сөзсіз.

Туған жерге, туған мектепке деген жанашырлық — әр азаматтың бойындағы асыл қасиет. Бүгінде елге үлгі боларлық сауапты іске ұйытқы болып отырған 1990–1991 жылдары туылған мектеп түлектеріне мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қауымы шынайы алғысын білдіреді.

Сіздердің жасаған игі істеріңіз кейінгі ұрпаққа өнеге болып, берекелі бастамаларыңыз жалғасын таба берсін!

Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2179314722829392&set=pcb.2179315239496007&__cft__[0]=AZbJxc8VNP5-mpx7diSghEPFMLnK7gxUqMHbPP77VaRWJ1BVjNBVLjPV53dH7W8SVMVDjmSv4FdJgCh8x_PvFhMvWwaMVgu1jGwbL8uE6VkdhQytoqLw-jvoAvP4WaHFWQDP-kgf3Wn863EBpl1k2Mo8hfrwa5wx9sJD0zhyBDkIFkpyLSqHHv4dnuekcHV8vTM&__tn__=*b0H-R