Жаз – демалыс пен қуаныштың мезгілі!
6 «А» сынып жетекшісі З. Сағындықованың ұйымдастыруымен “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға жаз мезгілінде өз қауіпсіздігін сақтау жолдары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, суға шомылу кезіндегі сақтық, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, табиғат аясындағы тәртіп, күннен қорғану және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жан-жақты талқыланды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаяттар бойынша пікір алмасты. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаты балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыра түсті.
Балалардың жазғы демалысы көңілді, жарқын әрі ең бастысы — қауіпсіз болсын!





