Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Отырар мектебінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев – 180 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ғасыр жасаған ақынның өмірі мен шығармашылығын терең таныту, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.
Оқушылар екі топқа бөлініп, өзара пікір алмасты:
«Жыр Қырандары»
«Дала Дауылы»
Әр топ ақынның өмір жолы, тарихи кезеңдердегі рөлі, ел бірлігі мен ерлік тақырыбындағы жырлары туралы ой қозғап, тың деректер мен мазмұнды талдаулар ұсынды. Сондай-ақ Жамбыл жырларын мәнерлеп оқып, оның поэзиясындағы рух, қайсарлық пен халықтық үнді кеңінен ашып көрсетті.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, мазмұнды сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар берді. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор басқосу болды.
Ұлт руханиятының темірқазығы болған жыр алыбының мұрасы – мәңгілік!






