Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті

«Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті

"Балдырған" пән әдіс бірлестігінің айлық іс- шарасының аясында 21.01.2026 ж 1 сынып жетекшісі Сейтбекова Қарлығаш апай Ана тілі пәнінен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ басында «Топтастыру» ойыны арқылы үй тапсырмасы пысықталды.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.

«Көңілді бақа» ойыны арқылы оқушылар жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратып, білімдерін ойын арқылы бекітті.

Сабақта ЖИ элементтері қолданылып, ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин атамыздың шәкірттерге арналған тілегі мен батасы тыңдалды.

Оқушылардың қызығушылығы жоғары болып, сабақ өте әсерлі өтті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2084803625613836&set=pcb.2084806288946903&__cft__[0]=AZbbFjwo7YoZkTfV3rJ1eZgKV2p1UKuJJqf1o2P1SD1JyEqX5gJznHPvrH7e5xd3fAPCqwt7h0OJOPvXLUwd8UZlaKJKWMp2V59KasWCc0zaAfxlB7qNbKsr5y6rvxV_UAO9XVHZZd6GiEfbfu-B5wYsQDBjtY3htJRtqEMtLAl4CwSNoNdJViwvaIcNY8M_w0M&__tn__=*b1H-R