“Отырар жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.02.2025 жылы Біртұтас тәрбие беру аясында, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Әжелердің ақылы – ұрпаққа тағылым" әжелер төрайымымен кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесу кеші 1 наурыз Алғыс айту мерекесімен тұспа тұс келді. Мерекелік кеш оркестрдің орындауында қазақтың күйімен ашылды, жас әншіміз Оралбай Нұрсейіт "Асыл анам" әнін айтып әжелерімізге ән мен күйден жыршашуларын сыйлады. Бүгінгі іс-шарамыздың мағыналыда шынайы өмірмен байланыстыра отырып тәжірибесімен жас аналарға өнеге көрсететін аудандық «Әжелер алқасы» мүшелерімен таныс болыңыздар:
Шуақты аналар ҚБ - нің төрайымы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Байжұман Қалдан Спабекқызы, Отырар ауданының Құрметті азаматы аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, аудандық Әжелер алқасы төрайымының орынбасары Белгібай Мария Имансарықызы, Отырар ауданының Құрметті азаматы, аудандық Әжелерь алқасының төрайымы Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы келіп, өздерінің ақыл-кеңестері мен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселердің шешу жолдарымен бөлісті. Сонымер қатар, қазіргі өскелең ұрпаққа әжелер мектебі мен әжелер тәрбиесінің керек екенін нақтылап атап өтті. "Ата-бабамыздан қалған асыл мұра – тәрбие" дегендей, әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі, ақылы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
,,Әжелер алқасының төрайымы Төлегенова Шамшат, Райымбекова Гүлсара апамыз, Исахова Айсара апайымыз, Момбекова Гүлнар апайымыз қонаққа келген ақ жаулықты әжелерге арнап ізгі тілектерін айтты, ұрпақ тәрбиесі жайында өздерінің пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары да өз көкейінде жүрген сұрақтарына өнегелі сөздермен жауап берді. Шара кезінде Аман Іңкәр "Асыл әжем" әнін айтып, соңына қарай Уалихан Замира "Мың алғыс" әнін айтып көпшілік көңілінен шыға білді. Шара соңында мектеп директоры Оспанов Жанболат Жұмабекұлы сөз сөйлеп, алтындай уақытын бөліп келген ақ жаулықты әжелерге алғысын айтты. Іс-шараға мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында келген әжелеріміз өнер көрсеткен оқушыларымызға жүрекжарды ниеттерін білдіріп, Әжелер мектебінің жұмысының жандана беруіне деген тілектерін білдірді.