«Отырар» жалпы білім беретін мектебімізде 2025-2026 оқу жылының мектепішілік олимпиадасына 9-11 сынып оқушылары белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз бен оларды дайындаған ұстаздарымыз марапатталды.
Олимпиада барысында оқушылар әр пәннен өз білімдерін дәлелдеп, жоғары нәтижелер көрсетті.
Нәтижесінде 29 оқушы аудандық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің мәртебесін көтерді.
Бұл – ұстаздар еңбегінің, ата-аналардың қолдауының, ең бастысы – шәкірттеріміздің маңдай тер еңбегінің жемісі. Әрбір оқушының жетістігі - біз үшін үлкен мақтаныш.
Олимпиада жеңімпаздары аудандық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің намысын қорғайтын болады.
Бұл — жас буынның ізденімпаздығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарға аудандық олимпиадада сәттілік тілейміз!