Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Жас таланттың жетістігі!

Жас таланттың жетістігі!

Жас таланттың жетістігі!

Отырар жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Аман Іңкәр облыстық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық әндер байқауының аудандық кезеңіне қатысып, өзінің әсем даусымен, орындаушылық шеберлігімен көрерменнің көңілінен шығып, ІІІ орынға ие болды!

Бұл байқау – жас өрендердің елге, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізуге бағытталған маңызды шара. Іңкәр сахнада өз жүрегінің үнімен Отанға деген махаббатын паш етіп, нағыз патриоттық рухтағы өнер иесі екенін дәлелдеді.

Оқушының өнерге деген құштарлығын дамытып, дайындығына бағыт-бағдар берген жетекшісі Шөпшекбаева Гүлсімге алғыс айтамыз. Ұстаз еңбегі мен шәкірт талпынысы — табыстың кепілі!

Іңкәрге шабыт пен сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта да өнер көгінде жарқырай берсін!

#ЖасСарбаз #ӘнБайқауы #ОтырарМектебі #ӨнерліЖас #Мақтанышымыз #ПатриоттықРух

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2023644808396385&set=pcb.2023668968393969&__cft__[0]=AZUTs-efUHzDRixbxkbS7LligdtK_s1FIYyLuhJgu_7GIsNgmY2-btVMYNskaePzPt2bxFZcI1h6MXtCBGgiw0qk6V4inOSsY3dsKXA_QEgUo3uN8V6_yjY4bf7dR3ld2XNLT3xQXpDW7rfyRWeZMh0-fn3O-yrXN0lbMRxyIQ06Eg&__tn__=*b0H-R