Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Жан азығы – адамгершілік негізі»

«Жан азығы – адамгершілік негізі»

Отырар жалпы білім беретін мектебінде сынып жетекшісі Төлебекова Лаззаттың ұйымдастыруымен 2 «А» сыныбында «Жан азығы – адамгершілік негізі» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру, мейірімділікке, қайырымдылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жүрекке жылы әсер сыйлаған ән орындап, әсем би билеп, тәрбиелік мәні зор көрініс қойды. Көрініс арқылы жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, ізгі қасиеттердің маңызын терең түсінді.

Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адамгершілік туралы пікірлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бұл олардың бойындағы достық, сыйластық, жанашырлық сияқты асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал етті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, саналы, білімді әрі тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

#тәрбие_сағаты #адамгершілік #ән_би_көрініс #руханиқұндылық #бастауышсынып #мектеп

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2158110488283149&set=pcb.2158120171615514&__cft__[0]=AZbe_SSv6NY33MnPFhYs62ad_o76EPTWwfHjVMQVMjq0N9l8WiVqhkG9-IkxiwJn8ge_znuw_Jr6RrknvBvJdwLTzPL6SgEaolL9uKCKIPt5uqwlYI4ELrV_M_4hDohM-Rw&__tn__=*b1H-R