Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Жұлдызды жұп» отбасылық ән байқауы

«Жұлдызды жұп» отбасылық ән байқауы

«Отырар» жалпы білім беретін мектебінде «Жұлдызды жұп» отбасылық ән байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш жобаның мақсаты: өз қабілеттерін белгілі бір салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл, дарынды оқушыларды анықтау. Өнерпаздардың өнерлерін бағалауға аудандық өнер мектебінің ұстазы Ақәділ ағай бастап бірнеше ұстаздар төрешілік жасады. Сахнаға өз өнерлерін паш етуге 9 отбасы қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 кезең жанды дауыста ән орындау, ал 2 кезеңде жасырылған әнді тауып, орындап беру. Отбасылық ән байқауында «Қос бәйтерегім», «Бақыт жайлы ойлама», «Оқуда озат боламын», «Ана мен қыз», «Асыл анам», «Менің анам алтын», «Жолыққан қандай жақсы», «Биле, биле», «Жібек сезім» әндері шырқалды. Олар қазақтың танымал, тәрбиелік мағынасы зор әндерін айтып көпшілік көңілінен шыға білді. Екінші кезеңде де қатысушылар жақсы атсалыса білді. Соңында Отырар мектебінің түлегі Уалихан Шыңғыс пен қарындасы Замираның орындауындағы «Аға мен қарындас» әнін айтып өнерсүйер қауымды қуантты. Байқауды қорытындылай келе сахнаға Ақәділ ағай мен мектеп басшысы Оспанов Жанболат ағай қатысушыларға Марапаттау қағаздары мен сыйлықтарын тарту етті. Сонымен қатар, жазба ақын Бектұрғанов Мейірхан ағай қатысушыларға өз тілектерін білдірді. Соңында барлығы «Екі жұлдыз» әнін шырқады.

І орынды Құрманкүл апай мен Көркем

ІІ орынды Айгүл апай мен Замира

ІІІ орынды Жомарт ағай мен Іңкәр иеленді. Қалған қатысушылар «Өнерлі жұп», «Көрермен көзайымы», «Жарасымды жұп», «Талантты жұп», «Шебер орындаушы», «Әдемі дуэт» сынды номинациялармен марапатталды.

 жұлд