Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Үздік дарынды оқушы» республикалық байқауында І дәрежелі диплом

«Үздік дарынды оқушы» республикалық байқауында І дәрежелі диплом

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында өткен «Үздік дарынды оқушы» республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған 5 сынып оқушысы Абен Бейбарыс Мұратұлын мектеп директоры К.Асилбеков бастаған ұжым мен оқушылар салтанатты түрде қарсы алып, жүрекжарды тілектерін арнады.

Жетекшісі Шынар Балтабаева да шәкіртімен бірге жоғары нәтиже көрсетіп, «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының І дәрежелі дипломына ие болды.

Бұл – адал еңбек пен табандылықтың, ұстаз бен шәкірт бірлігінің жарқын жеңісі! Дарынды оқушымыз бен жетекшісіне толағай табыс, биік белестер тілейміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2118746978886167&set=pcb.2118747558886109&__cft__[0]=AZZCUTGtwInOkuKNIWTPkJbeMjJuOurB7P8IXdPUmdDDFrYShw8lmq6LsKUzx37fJOx8ujPIiEDLHPZzcqTBxFmImR_8z3fUXC-GfqCjiC6XlkQZ3J1NYRAKBrAyeeKCfjWP2kZGYmq4xn2NCdhB7oPvgnl0z19PQ6ppYN7N_Qpt8U8i9lzsqdzVqcpKdq9VTiY&__tn__=*b0H-R