"Үздік бизнес жобасы" байқауы өтті
Мектебімізде 9–10 сынып оқушылары арасында "Үздік бизнес жобасы" атты байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. ![]()
Бұл сайыс – оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытып, жаңа идеялар ұсынуына, өз жобаларын қорғап, болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен мүмкіндік болды. Қатысушылар өздерінің тың бастамаларын ұсынып, қаржылық сауаттылық, креативтілік және жобаны қорғау шеберліктерін көрсетті.
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Сембиев Саматқа ерекше алғыс білдіреміз! Осындай қолдау – жас буынға берілген үлкен сенім.
Іс-шараның мазмұнды әрі тартымды ұйымдастырылуына атсалысқан ұйымдастырушы педагог Нажмаддинова Назираның еңбегі зор. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
Осындай білім мен тәжірибені ұштастыратын жобалар жас ұрпақтың болашағына салынған маңызды қадам деп білеміз. ![]()
Қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтып, алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз!





