"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам"
Мектебімізде информатика пәнінің мұғалімдері Г.Төлімбетова, С.Сембиевтің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында мазмұнды сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жеке деректерді қорғауды, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру болды. Оқушылар цифрлық ортадағы жауапкершілік, әдеп нормалары және ақпаратты дұрыс қолдану мәдениеті туралы маңызды мағлұмат алды.
Іс-шара барысында түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен талқылаулар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Бұл сабақ жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз интернет қолдану дағдыларын нығайтуға ықпал етті.
Қауіпсіздік – саналы қолданудан басталады!





