"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде «Цифрлық қауіпсіздік және онлайн-ортада баланы қорғау» тақырыбында ата-аналар жиналысы және Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қазіргі цифрлық заманда баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілердегі мәдениет пен жауапкершілік жайында кеңінен ақпарат берілді. Ата-аналарға пайдалы кеңестер ұсынылып, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.
Сонымен бірге оқушылардың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу мақсатында Тәуелсіздікке арналған тәрбиелік шара өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны сынып жетекшісі Ш.Битуова ұйымдастырып, ата-аналар мен оқушылар үшін мазмұнды әрі мәнді жиналыс өткізді.





