Тілдер мерекесіне орай өткен ақындар мүшәйрасы
"Отырар жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушы педагог Н.Нажмаддинова және "Жазбаша" ақындар үйірмесінің жетекшісі Б.Уалиханның ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне арналған "Жарқ ете қалшы, найзағай болып..." тақырыбында ақындар мүшәйрасы өтті. Іс- шараға 5- 9 сыныптар арлығындағы оқушылар қатысты.
Өнерлі оқушылар өз жүректерінен шыққан жырларын оқып, ана тіліміздің қасиетін дәріптеді.
Жас ақындардың жалынды жырлары туған тілге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.
9 -сынып оқушысы Төлебай Нұрила
8- сынып оқушысы Әлібек Іңкәр
9-сынып оқушысы Уалихан Бекасыл марапатталды.
Бұл іс-шара арқылы өскелең ұрпаққа ана тілінің құдіретін сезіндіру, сөз өнерін бағалауға тәрбиелеу – басты мақсатымыз болды.
Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
#ТілдерМерекесі #АқындарМүшәйрасы #АнаТілім