Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Тікбұрышты координаталар жүйесі

Тікбұрышты координаталар жүйесі

Отырар жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі Досанов Өтегеннің «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі» тақырыбында өткен ашық сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді әрі жи қолданды. Атап айтқанда, топтық жұмыс, жұптық талқылау, деңгейлік тапсырмалар, «Сұрақ-жауап», кері байланыс әдістері мен интерактивті тақтамен жұмыс түрлері сабақ мазмұнын байыта түсті.

Оқушылар координаталық осьтерді анықтау, нүктелердің координаталарын табу, жазықтықта белгілеу және ширектерді ажырату бойынша практикалық тапсырмаларды белсенді орындады. Теориялық білім есеп шығару барысында бекітіліп, логикалық ойлау дағдылары дамытылды.

Мұғалім сабақта саралау әдістерін жи қолдана отырып, әр оқушының қабілетіне сай тапсырмалар ұсынды. Нәтижесінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, математикалық сауаттылығы нығая түсті.

Сабақ құрылымы нақты, мазмұны терең, әдістемелік тұрғыдан жүйелі өтті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2115338635893668&set=pcb.2115338852560313&__cft__[0]=AZbw9KUayvh02ZS4WV9j7gymUiUoHXcdn-_sF5LiGZNjX1gElfNy8XoA5_tw9MvpPxiLkYN_bVJ1jAm8a6_FNysdKYq_nurw6b6hAQiuUJbhF1UTjSNNwru0oZBt0G-sZ8mvjgT85etYlTvGIEM4T8zuZiqgfzqIpbV3pxaLzjebLINPDnEKP7URZCmcdRtP27U&__tn__=*b1H-R