Отырар жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 23 қыркүйегінде 8–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында жиын өтті.
Кездесуде Отырар АПБ-нің ЖПК инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан Сержанұлы телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері мен оның қоғамға тигізер зияны туралы түсіндіріп, құқық қорғау органдарының ескертпелерін жеткізді.
Іс-шара барысында күдікті қоңырауларға, белгісіз SMS-хабарламаларға, бейтаныс сілтемелерге сенбеу, жеке мәліметтерді (ЖСН, банк картасы нөмірі, құпиясөздер) ешкімге бермеу қажеттігі айтылып, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда!
#Отырармектебі #ТелефонАлаяқтығы #ҚауіпсізИнтернет #АлдынАлу