Отырар жалпы білім беретін мектебінде «Тәуелсіздікті нығайту үшін жастардың рөлі жеткілікті ме?» тақырыбында мазмұнды пікірсайыс өтті. Іс-шараны Дебат үйірмесінің жетекшісі Э.Алтаева және Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.
Пікірсайысқа 8–9 сынып оқушылары қатысып, 4 топ өзара бақ сынасты. Әр топ өз ұстанымдарын дәлелді пікірлермен қорғап, еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында жастардың атқарар рөлін жан-жақты талқылады.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты азаматтық көзқарастарын көрсетіп, белсенділік танытты.
Іс-шара қорытындысында үздік деп танылған топтар мен қатысушылар марапатталды.
Мұндай пікірталастар — оқушылардың ойлау мәдениетін, шешендік қабілетін дамытып, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Жас ұрпақ — ел ертеңі, тәуелсіздіктің берік тұғыры!





