Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздік күніне орай 5-сыныпта

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып жетекшісі Ж. Сатыбалдының ұйымдастыруымен өткен сынып сағатында оқушылар Тәуелсіздіктің маңызы мен тарихи құндылығы туралы мағлұмат алып, ел тарихына шолу жасады. Оқушылар тақпақ оқып, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сабақтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім ұялату, елге, жерге деген құрметті арттыру, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру болды.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі – білімді де саналы ұрпақ екені тағы бір мәрте дәлелденді.

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2055803331847199/1385730619669747?__cft__[0]=AZbGsgAu-ElytfYX9RHhLojbhEYf55FUhk5_DfVCo3s32VPgSjkf5R-ocRfhPSQS2pA7-87BrR-rCC3ay4_5E9JII_BICB6N4w5mieyBAkT1IKvZ8I2ns9GasGA5pHwnEupa8DKevkaamNB3Oym-V5e247BdlpH6nvRj9WjBPcYsGQ&__tn__=*b0H-R