Отырар жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Су айдынына суға түсу кезіндегі және өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жиыны өткізілді.
Жиын барысында оқушыларға су айдындарындағы суға түсу және өрт қауіпсіздік талаптары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қауіпсіздікке байланысты бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сынып жетекшілері мен оқушылар өз пікірлерін білдіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Оқушылар рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу, жалғыз бармау және үлкендердің қарауынсыз су айдындарына жақындамау керектігін атап өтті.
Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүргізді, сынып жетекшілері, тәлімгер, ұйымдастырушы педагог қатысып, оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екені айтылды.
Мектебімізде қауіпсіздік – басты міндет!





