Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«STEM әлемінде:Зерттейміз,Ойлаймыз, Жасаймыз »

«STEM әлемінде:Зерттейміз,Ойлаймыз, Жасаймыз »

Отырар жалпы білім беретін мектебінде 29.01.2026күні Балдырған пән әдіс бірлестігінің жоспарына сәйкес «STEM әлемінде:Зерттейміз,Ойлаймыз, Жасаймыз » тақырыбында 2-4сынып оқушылары арасында Ғылыми жоба қорғауы болып өтті. Ғылыми жобаға 4ә сыныбынан Тайбек Әлихан,жетекшісі Аманқұлова Клара апай, 3сынып оқушысы Мұқтар Жансұлу,жетекшісі Бұлдырықова Тәттігүл апай, 4а сыныбынан Әшірбай Диана, жетекшісі Битуова Шакизат апай, 2а сыныбынан Төребек Қазыбек, жетекшісі Төлебекова Лаззат апай, 2ә сыныбынан Тайбек Хансұлтан, жетекшісі Алимбекова Жазира апай. Жоба қатысушылары өз зерттеулерінде жергілікті жердегі өсімдіктер мен адам өміріне маңызды тақырыпты алған екен.

Өз зерттеу жұмыстары арқылы білімге , білуге деген талаптарымен қатар зерттеуге деген қызығушылықтары арқылы көрермендер ықыласына бөленді. Жоба қорытындысы бойынша Төребек Қазыбек «Үздік жас ғалым» номинациясымен,Әшірбай Диана «Үздік ғылыми жоба», Мұқтар Жансұлу «Үздік теориялық зерттеу»,Тайбек Әлихан «Болашақ зерттеуші», Тайбек Хансұлтан«Үздік тәжірибелік жұмыс» номинациясымен марапаттал

ды. Білімпаз шәкірттерімізге алдағы уақытта білім арқылы тек биіктерге самғай берулеріне тілектестік білдірілді. Жоба ұйымдастырушысы Бұлдырықова Тәттігүл апайға, және жоба жетекшілеріне білімді шәкірт тәрбиелеуде мықты денсаулық пен шығармашылық ізденістер тілейміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2091124934981705&set=pcb.2091125071648358&__cft__[0]=AZYkABonU1cD7T4f2OxbQYwtblO2KDGM2NKQ4DbJfkaISnJbKTJ3uLd-dJHnC8QHHiC1bfOqNedFfbnAJF9S3h8ejMYHcPZi4mgZt_KLfj5kGpJ6n99mekHFyYSgcn6oMFWC3ilU9mmhpJ2eg5W3zAzHF7UWNUHjYSUoYupi5bcNeBJzhijDdR5wgWOGfl74L84&__tn__=*b0H-R