Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Ұстаздық бейнеттен - мерейлі зейнетке”

“Ұстаздық бейнеттен - мерейлі зейнетке”

“Ұстаздық бейнеттен - мерейлі зейнетке”

✨Отырар жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бірнеше жыл еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Аубакирова Нұржамал апай "Ұстаздық бейнеттен - мерейлі зейнетке" атты зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты шарасы болып өтті.

✨Кеш барысы "Ұстазым" әнінен бастау алып, алғашқы тілек мектебіміздің директоры Оспанов Жанболат ағай аудандық білім бөлімінің құттықтау хатын, мектептің құттықтау хатын, аудан орынбасары А.Құлмахановтың арнайы құттықтау хатын Азамат Досанов алып келіп, кәсіподақ ұйымының төрайымы Төлегенова Шамшат апай ыстық лебізін білдірді. Зейнет жасына арналған тілектер, әндер, өлеңдер толастамады.

✨Кеш соңында ұжымдастар тілектерін арнады. Нұржамал апайды туған-туыстары құттықтай отырып, ыстық тілектерін айтты. Сонымен қатар Нұржамал апайдың зейнеткерлік кешіне аудан әншілері келіп құттықтау сөздерін айтып, өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндерімен кештің шырайын аша түсті. Бұл күтпеген сый Нұржамал апайға да, қонақтарға да күшті әсер сыйлады. Барлық марапат пен сыйға лайықты аяулы апайымыздың мерейі асып, ұжым үлкен қимастық сезіммен қошеметке бөледі.

#абыройлыеңбектен

#құрметтізейнетке

#үздікұжым

 

0:32 / 3:28