Спорт және өнер пән бірлестігінің айлық іс-шарасының жабылуы.
«Ұлттық құндылықтар – оқушы шығармашылығының негізі» тақырыбында өткен спорт және өнер пән бірлестігінің айлық іс-шарасы өз мәресіне жетті.
Айлық барысында оқушылардың ұлттық рухты бойына сіңіруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, спорт пен өнер арқылы салт-дәстүрді насихаттау мақсатында түрлі мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.
Ұлттық ойындар, спорттық сайыстар, ән-бимен өрнектелген өнер кештері, көрмелер мен шығармашылық жұмыстар оқушылардың белсенділігі мен талантын айқын көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық құндылықтарды заманауи көзқараспен ұштастыра білді. Бұл айлық — жас ұрпақтың рухани дамуына, отансүйгіштік пен ұлттық сана қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Айлықты жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытқан пән мұғалімдері мен өнерлі, спортқа құштар оқушыларға алғыс білдіреміз! ![]()
![]()
Ұлттық құндылық — ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы!





