Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Спорт пен Өнер» пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылуы өтті!

«Спорт пен Өнер» пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылуы өтті!

«Спорт пен Өнер» пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылуы өтті!

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – оқушы шығармашылығының негізі»

Бүгін мектебімізде «Спорт пен Өнер» ПӘБ айлығы салтанатты түрде бастау алды. Айлықтың негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың өнері мен шығармашылығын қолдау, ұлттық рухты бойына сіңірген жан-жақты тұлға тәрбиелеу.

Іс-шараның ашылуында ұлттық өнердің сан қырын танытатын көрмелер, спорттық бағыттағы шағын шеру, музыка және бейнелеу өнері саласының оқушылары дайындаған әсерлі нөмірлер ұсынылды. Оқушылар домбыра күмбірімен, ұлттық би қимылдарымен, өз қолдарымен жасаған бұйымдарымен көрермен көңілінен шықты.

Сонымен қатар мұғалімдер қауымы айлық барысында өтетін жұмыстардың мазмұнымен таныстырып, бір ай бойы спорт пен өнердің біртұтас тәрбиелік маңызын ашатын байқаулар, сайыстар, шеберлік сабақтары, танымдық кездесулер ұйымдастырылатынын атап өтті.

Ұлттық мұра – біздің рухани тірегіміз. Сол құндылықтарды оқушылардың жүрегіне ұялату, шығармашылығын шыңдау – осы айлықтың басты міндеті.

Барша қатысушыларға шабыт, сәттілік тілейміз!

Айлығымыз берекелі, өнерге толы, нәтижелі болсын!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2046724382755094/1524362945460376?__cft__[0]=AZWNahYCVpPsWuA7i69uunOaY78y-jDBMW42OyfXMOpMdHgjqn6zlglDaOGrNa7ksZTUQ4S6nq2xTkvWSejlr3GMwHcBH8ewuDOYIS725bcXC3Xyf4YidZ98BI37FCXksuRh1w_9NaXtZrA4d3x7QE0cycTsL8S4Zbny8fGzrt_CrA&__tn__=*b0H-R