Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Спикерлер және олардың сөздері»

«Спикерлер және олардың сөздері»

«Тіл – достықтың алтын көпірі» айлығы аясында ашық сабақ өтті.

«Достық» пән әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақ, орыс, ағылшын тілдері айлығы жалғасуда. Осы айлық аясында дебат үйірмесінің жетекшісі Алтаева Элмира 8-9 сынып оқушыларымен «Спикерлер және олардың сөздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын нақты әрі дәлелді жеткізе білу дағдыларын дамыту, сондай-ақ көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу болды. Оқушылар спикердің рөлі, сөз құрылымы мен сөйлеу мәнері туралы білімдерін кеңейтіп, тәжірибелік тапсырмалар арқылы өз қабілеттерін көрсетті.

Ашық сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып қана қоймай, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

#ТілАйлығы #Дебат #АшықСабақ

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2150075839086614&set=pcb.2150075932419938&__cft__[0]=AZb5ZnbFgHbgXLjpYR4GKYqTkWWglFp_1dwGxa-Va3dc8Il74Pmxqm-2bn8Ei3ndTKAxlQa0YAi9-8GdwoGzbxBP7BWYjYoSCvJUW7cyLV9sJ_yPu_UOTwB5h9o5HFCDQoo&__tn__=*b3H-R