«Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс алаңы
Мектебімізде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге баулу мақсатында «Әлеуметтік желі жастар санасына қауіпті ме?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
Пікірсайыс барысында оқушылар әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын жан-жақты талдап, нақты дәлелдер мен өмірлік мысалдар келтіре отырып, өз ұстанымдарын қорғады. Қатысушылар ақпараттық мәдениет, интернеттегі қауіпсіздік, уақытты тиімді пайдалану және желі тәуелділігінің алдын алу туралы маңызды ойлар айтты.
Дебат алаңы жас спикерлердің шешендік қабілетін шыңдап, қарсы пікірді тыңдай білуге, өз ойын жүйелі жеткізуге үлкен мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар дебат жетекшісі – Э. Алтаева, Тәлімгер – Ф. Төлеген
Осындай танымдық шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, саналы ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.





