"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тілдер айлығы аясында «Ұшқыр ой алаңы» дебат үйірмесі жетекшісі Э.Алтаеваның ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс өтті.
Аталған пікірсайысқа оқушыларымыз белсене қатысып, өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізе білді. Қатысушылар тапқырлығы мен шешендігін, сыни ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Пікірсайыс барысында оқушылар өзара мәдениетті түрде пікір алмасып, тіл байлығы мен сөз саптау шеберлігін танытты.
Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Осындай тағылымды шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізе білуіне зор ықпал етеді.





