Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Шебер қолдар үйірмесі

Шебер қолдар үйірмесі

Шебер қолдар үйірмесінің жетекшісі Ибраиимова Бағила апайымыздың оқушыларға үйретіп жатқан сабағы – шынайы еңбек пен өнердің керемет үйлесімі.

Бұл үйірмеде әрбір оқушы өз қиялын іске асырып, қолөнердің қыр-сырын меңгеріп келеді. Әрбір жасаған бұйымдарынан ұқыптылық, талғам және үлкен жауапкершілік анық байқалады.

Бағила апайымыз – шәкірттерінің бойына тек шеберлікті ғана емес, сабырлылықты, төзімділікті, әсемдікке деген сүйіспеншілікті сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз. Әр сабағы мазмұнды, әрбір үйреткен ісі – оқушылар үшін үлкен тәжірибе мен өмірлік дағды.

Осындай еңбегі ерен ұстазымыздың арқасында оқушыларымыз шығармашылыққа баулып, өз қолдарымен әсем дүниелер жасап, жетістікке жетуде. Шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2153421348752063&set=pcb.2153421725418692&__cft__[0]=AZYBUe32CyHoq--Ru2T98_7Ayml7dq7lY71aowSbyu2i3RKUO_PqdmLmHBxE0aoYyTDi-yBF36RiqJGUAF6JCOoqyl3Wdvco6PFbBac5PjDQqcWPBIbP_GaSv1tEFQ2gUV4&__tn__=*b0H-R