06.02.2025 ж «Отырар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп бітірушілерге табысты нәтижеге жету үшін психологиялық қолдау барысында педагог психолог Б.Абдрахимов «Сенімділік - менің серігім» тақырыбында тренинг сабағын жүргізді . Мақсаты: ҰБТ –те оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру, психикалық көңіл-күйлерің көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіңе құрметпен қарауға, бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болу.
Тренинг нәтижесінде Оқушылар емтихан алдындағы үрей мен қобалжуды төмендету әдістерін үйренді.
Оқушылар өздерінің күшті жақтарын анықтай білді.