"Отырар" ЖББМ-нің "Достық" ӘБ айлық іс-шаралары аясында 3-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Quests- Hogwards legacy" (Хогвартс мұрасы) тақырыбында квест байқауын ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Әймен Нұргүл, Балтабаева Шынар, Лайықова Әйгерім, Сатыбалды Жадыраның ұйымдастыруымен өтті. Оқушылар сыныптарға берілген ертегі сценарийін QR-код арқылы тапты. Байқау аясында оқушылар танымал ертегілерден ағылшын тілінде қойылым көрсетті. Жүлдегерлер мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.