Педагогикалық ізденіс – сапалы білімнің негізі
Отырар жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында «Lesson Study» әдісіне арналған каучинг сабағы өткізілді.
Аталған каучинг сабағын өз ісінің шебері, тәжірибелі педагог Уалихан Забира апай жүргізді.
Каучинг барысында «Lesson Study» тәсілінің теориялық негіздері мен кезеңдері кеңінен түсіндіріліп, оны сабақ барысында тиімді қолдану жолдары жан-жақты қарастырылды. Қатысушы мұғалімдер топтық жұмыс арқылы зерттеу сабағын жоспарлау, бақылау жүргізу, нәтижені талдау бағытында тәжірибе алмасты.
Іс-шара мұғалімдердің бірлескен жұмысын нығайтып, кәсіби ынтымақтастықты арттырды. Сабақ соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, «Lesson Study» әдісінің оқыту сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
Осындай әдістемелік жұмыстар – жаңашыл ұстаз, табысты шәкірт қалыптастырудың кепілі.





