Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Пед идея – 2026» байқауы

«Пед идея – 2026» байқауы

«Пед идея – 2026» байқауы

26.03.2026 ж. мектебімізде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық ізденістерін қолдау және білім беру үдерісіне жаңашыл идеяларды енгізу мақсатында «Пед идея – 2026» атты байқау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Байқауға мектебіміздің 6 мұғалімі қатысып, өздерінің тың педагогикалық идеялары мен тиімді әдіс-тәсілдерін таныстырды. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде қатысушылар заманауи білім беру талаптарына сай сабақ үлгілерін, инновациялық жобаларын және тәжірибелерін ұсынып, өзара пікір алмасып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Байқау барысында ұстаздар білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді таныстырды. Бұл өз кезегінде қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңашылдық пен шығармашылықтың маңыздылығын көрсетті.

Аталған байқауды мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Төлегенова ұйымдастырып, сонымен қатар демеушілік жасап, қатысқан мұғалімдерге арнайы сыйлықтар табыстады.

Іс-шара соңында мектеп директоры Асилбеков Керімбек байқауға қатысқан ұстаздарды құттықтап, олардың еңбектері мен шығармашылық ізденістерін жоғары бағалап, алғыс айтып, марапаттады.

Осындай мазмұнды байқаулар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру саласына жаңа идеялар мен тың бастамалардың енгізілуіне ықпал етеді. Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2138044316956433/4388138148090919?__cft__[0]=AZYCXtcrH0kZw6pKN9Zpz_FxPhmBhZccw1_dKD46fdonveV8vGDa5iKVwClK_c6DUMYxtMqOQ9BINdYEFAuaquxoEOii_lQODu4G97Cw5coJRVMPw7841nBPR6Z9682UzZAHVyt0GSKCQUmoGHjnyzvesywEl8j000w0M74hy2pTMJ3pGIlL2STY4bjQb2bB0Gk&__tn__=*b0H-R