"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 14.04.2026 ж. күні қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру, олардың бойында әдептілік, инабаттылық, ұқыптылық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы қыз баланың рөлін түсіндіру болды.
Қыздар ұйымының жетекшісі Г.Төлімбетова, сынып жетекшілер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш. Төлегенова және тәлімгер Ф. Төлеген қатысып, оқушыларға көптеген тәрбиелік мәні зор, өмірде қажет болатын құнды ойларымен бөлісті. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екендігі, әрбір қыздың өзіне деген құрметі мен жауапкершілігі жоғары болуы керектігі ерекше атап өтілді.
Жиналыс барысында оқушыларға өзін-өзі ұстау мәдениеті, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, қоғамда дұрыс қарым-қатынас орната білу, киім кию әдебі, жеке бас гигиенасы және қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай қыз баланың білімді, саналы, парасатты болып қалыптасуының маңызы айтылып, болашаққа нық қадам жасауға бағыт-бағдар берілді.
Оқушылар жиналысқа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Пікір алмасу барысында түрлі жағдаяттар талқыланып, өмірлік маңызы бар кеңестер берілді.
Мұндай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың дұрыс бағытта тәрбиеленуіне, бойында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жиналыс мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.





