Отырар ұстаздары облыстық спартакиадада аудан намысын абыроймен қорғады!
Спорт – жігер мен табандылықтың, еңбек пен рухтың көрінісі.
Осы қасиеттердің бәрін бойына сіңірген "Отырар" жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері Төреқұлов Асқар мен Төлегенова Жансая облыстық үстел теннисінен өткен спартакиадаға қатысып, Отырар ауданының намысын қорғады.
Жарыс барысында ұстаздарымыз жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, өзара түсіністік пен шеберліктің тамаша үлгісін танытты.
Қорытындысында олар лайықты нәтижеге қол жеткізіп, ІІ орынға ие болды! ![]()
Бұл жетістік – ұстаздарымыздың еңбексүйгіштігі мен спортқа деген сүйіспеншілігінің айғағы. Олар тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпаққа салауатты өмір салтының үлгісін көрсетіп отыр.
Мектеп ұжымы әріптестерімізді ауданның намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Алдағы уақытта да спортта да, өмірде де тек биіктен көріне беріңіздер!
#ОтырарМектебі #АуданНамысы #ЖетістікЖолы #СпортПенБілім #ҮстелТеннисі #СалауаттыӨмірСалты #ҰстазМерейі






