Отырар мектебінде төтенше жағдайға дайындық күні өтті
2025–2026 оқу жылының 26 қыркүйегінде мектебімізде үлкен үзіліс уақытында оқушылардың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара мектеп ұжымы мен оқушылардың бірлескен дайындық жоспарына сәйкес өтті. Жаттығуға дейін арнайы штаб құрылып, тапсырмалар белгіленіп, әр сыныпқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдер «Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, қар көшкіні, боран, үсік шалу жағдайларындағы қауіпсіздік ережелері» туралы толық мәлімет алды. 1–11 сыныптарда «Жер сілкінісі кезінде ғимараттан шығу және қауіпсіздікті сақтау», «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік», «Өрт кезінде алғашқы медициналық көмек», «Қар көшкіні мен боран кезіндегі сақтық шаралары» сияқты тақырыптарда тәрбие сағаттары өтті.
Арнайы дайындалған құтқару топтары, өрт сөндіру жасағы және алғашқы медициналық көмек көрсету тобы өз жұмысын көрсетті. Оқушылар эвакуация жолдарын, қауіпсіз аймаққа шығу тәртібін және алғашқы көмек көрсету әдістерін тәжірибе жүзінде орындады.
Жаттығу соңында барлық жұмыстар қорытындыланып, оқушылар мен мұғалімдердің дайындық деңгейі жоғары бағаланды. Мұндай іс-шаралар балалардың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі шапшаң әрекет ету қабілетін дамытып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.