Отырар аудан әкімінің шыршасы – «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жаңа жыл мерекесіне орай Отырар ауданында дәстүрлі аудан әкімінің шыршасы жоғары деңгейде өтті. Балалар үшін ұйымдастырылған бұл жарқын мереке қуанышқа, көтеріңкі көңіл күйге және ұмытылмас әсерге толы болды.
Аталған іс-шараға мектебіміздің оқушылары 4- сынып оқушысы Әшірбай Диана, 5- сынып оқушысы Манап Ләйлә, 7 - сынып оқушысы Қуандық Інжу қатысып, мерекелік бағдарламаны тамашалап, жаңа жылдық шаттыққа бөленді. Әсем безендірілген шырша, қызықты қойылымдар мен сыйлықтар оқушылардың көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.
Бұл тәрбиелік мәні зор шараға оқушыларды дайындап, бірге барған әлеуметтік педагог К. Одаман балаларға қолдау көрсетіп, мерекенің мән-маңызын түсіндірді.
Осындай тағылымды да мазмұнды мерекелер жас ұрпақтың жүрегіне қуаныш сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті арттырары сөзсіз.
Жаңа жыл құтты болсын! ![]()





