«Отбасындағы тәрбие – ұрпақ болашағының іргетасы»
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде ата-аналарға арналған маңызды жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру.
Жиынды Пасетов Темірхан ағай ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Негізгі бөлімде Ж. Абишовтың «Отбасындағы тәрбие – ұрпақ болашағының іргетасы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында әлеуметтік желінің зияны, ұрпақ тәрбиесі және баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жайы сөз болды.
Психологиялық тренингтер мен ойындар ұйымдастырылып, ата-аналар белсенділік танытты:
«Иә, жоқ» ойыны
«Шаңырақ» ойыны
«Менің балам – менің айнам» тренингі
Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, мектеп формасын сақтау және телефон қолдану тәртібі кеңінен талқыланды. Сынып жетекшілері ата-аналармен кері байланыс орнату мақсатында тренингтер өткізіп, ашық пікір алмасу алаңы құрылды.
«Бақытты отбасы – бақытты бала» постер қорғау барысында бала бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттер талданып, тәрбиенің рөлі айқындалды.
Жарыссөз кезінде оқушылардың көшедегі қауіпсіздігі, әлеуметтік желіні бақылау, мектеп формасын сақтау, сабаққа кешікпеу және үлгерімді қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге «Әкелер мектебі» жұмысын жандандыру туралы ойлар ортаға салынды.
Жиын соңында мектеп директоры Асилбеков Керімбек ата-аналардың әрқайсысының жеке пікірін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, кері байланыс жасады. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, ата-аналарға балалардың телефонды шектен тыс қолдануын және әлеуметтік желідегі парақшаларын бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Жиналыс жақсы деңгейде өтті. Жиынға 87 % ата- ана қатысты.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс!
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы нығая берсін!





