«Зерек» пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында математика пәнінің мұғалімі З.Уалиханова «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында заманауи технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері тиімді қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Интерактивті тапсырмалар, цифрлық ресурстар арқылы есептер талданып, оқушылар белсенділік танытты.
Жаңашыл әдіс-тәсілдермен толыққан мазмұнды сабақ жоғары деңгейде өтті. Әріптесімізге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!





