Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Оқуға құштар мектеп" жобасы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

"Отырар жалпы білім беретін мектеп" кмм "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында мұғалімдер арасында "ҚітапХАН@" кітап оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: елімізде кітап оқуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің назарын кітап оқуға аудару, олардың уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Сайысқа 4 мұғалім қатысты. Уалихан Бекжан Оралхан Бөкейдің "Кербұғы" шығармасын өте керемет етіп жеткізе білді, Сапарбекова Айнұр Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" кітабына талдау жасады, Момбекова Фариза Тәкен Әбдіковтің "Тұлпардың тағдыры" кітабын талдады, Нажмеддинова Назира Мұхтар Әуезовтың "Қорғансыздың күні" атты шығармасын терең талдай білді. Сайысқа әділқазылар алқасы әділ бағасын беріп, Уалихан Бекжанды 1 орын Мадақтама қағазымен марапаттады. Өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптан асқан асыл қазына жоқ дегім келеді. Оқу арқылы мол мұраға қанық болатын, жазушыға ерекше риза болар, өмір жолында мәңгі азық болар сүйікті кітаптарыңыз көп болсын демекпіз.

Оқуға құштар мектеп жобасы Оқуға құштар мектеп жобасы2

Оқуға құштар мектеп жобасы3