Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Оқуға құштар мектеп"

"Оқуға құштар мектеп"

Түркістан облысы, Отырар ауданы “Отырар жалпы білім беретін мектеп" кмм мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында 14 ақпан кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйлайық" акциясы болып өтті. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, білімге деген сүйіспеншілікті ояту және кітап сыйлаудың ерекше маңызын көрсету.

Бұл акцияға аудандық білім бөлімінің кітапхана жөніндегі әдіскері Жақсыбаева Манат апай және мектеп директоры Оспанов Жанболат ағай сөз алып жас оқырмандарға өз лебізін білдірді және мектеп кітапханасына өз кітаптарын сыйлады. Сонымен бірге "Оңтүстік Қазақстан" газетінің журналисті, осы мектептің түлегі, жазба ақын Ерман Бауыржан өзі түлеп ұшқан мектебіне өзінің жүрекжарды өлеңдері жазылған алғашқы туындысы "Галактикаға саяхат" атты кітабының бірнеше данасын сыйлық ретінде тарту етті. Мектеп оқушылары өздері алып келген кітаптарын сыйға тартып, мектеп кітапханасына өз үлестерін қосты. Кітапханашы Жылқыбаева Хадиша апай барша қатысушыларға алғысын білдірді.

Кітап сыйлау-үлкен іс,

Досыңды танып, ұғып іс.

Өмірге керек ақыл көп,

Кітаптан алар білім күш дегендей кітап оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін.

Оқуға құштар мектеп1

Оқуға құштар мектеп2

Оқуға құштар мектеп3