Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» тұжырымдамасы аясында мұғалімдер арасында өткен «Оқитын ұстаз – ұлт болашағы» жобасының І айналымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара кітапханашы Момбекова Фариза мен директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Әсілбек Сәрсенбектің ұйымдастыруымен өтті.
Сайысқа 7 мұғалім қатысып, оқыған шығармаларын мазмұнды талдап, сөз мәдениеті мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Тағылымы мол, рухани бай кеш болды.
Қатысушыларға алғыс, алдағы кезеңдерге сәттілік!





