Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Өнегелі жеңге, өнерлі қыз»

«Өнегелі жеңге, өнерлі қыз»

Қыз бала ата-ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі.

Қыздың әзілді түсінуі, адаммен дұрыс қарым-қатынас жасауы, сөйлесе білуі, ұрыс-керістен қашуы, сыр бөлісу, сыр тыңдауы, өз ойын жеткізе алуы, көптің алдында сөйлей алуы, өзін ұстай алуы, күлкісі, жүріс-тұрысы, бірнәрсені әкеліп беруі – осының барлығы қылықтылықтың аясына сыяды. Осы тұста қыз балаға қылықтылықты үйретуге арналған тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туады. Үй шаруасына, тазалыққа көңіл бөлу, Тамақ пісіру, дастархан жасау, торт пісіруді т.б. үйрету. Осының бәрін қыз балаға жеңгесі үйретсе, нәтижелі болады деп ойлаймыз.

Осыған байланысты Отырар жалпы білім беретін мектебінде 5-сынып жетекшілері З.Сағындықова мен А.Лайықованың ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» жобасының «Жеңгелер мектебі» аясында жеңге мен қайынсіңілі сыйластығын арттыру мақсатында «Өнегелі жеңге, өнерлі қыз» байқауы өтілді.

5 а сынып атынан Әубәкір Фатима мен жеңгесі Фариза, Уәлихан Әсем мен жеңгесі Асылзат, Кенжебай Кәусар мен жеңгесі Дамира, 5 ә сынып атынан Тоқтасын Айзере мен жеңгесі Айдана, Пернебай Аяна мен жеңгесі Айдана, Байлар Жазира мен жеңгесі Үрбибі қатысты.

Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қыз тәрбиелеудің әдемі үлгісін көрсете білген қатысушылар өнерлерін аянып қалмады. Нәтижесінде Байлар Жазира мен жеңгесі Үрбибі «Бас жүлдемен» марапатталып, қалған топтар 1 орын иеленді.

Өнегелі жеңге өнерлі қыз

Өнегелі жеңге өнерлі қыз2