"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде Lesson Study әдісімен зерттеу сабақтарын өткізу кестесіне сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Сагиндикова 8 «Б» сыныбында «Наши природные богатства» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
Сабақ барысында мұғалім тақырыпты жан-жақты ашып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлді. «Табиғи байлықтар» тақырыбы арқылы білім алушылар орыс тіліндегі сөздік қорын байытып қана қоймай, экологиялық тәрбие, табиғатты аялау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сияқты маңызды құндылықтарды да меңгерді.
Lesson Study форматына сай сабақта алдын ала анықталған А, В, С деңгейіндегі оқушылар бақылауға алынып, олардың оқу барысындағы әрекеті, тапсырмаларды орындау ерекшеліктері, қатысу белсенділігі зерттелді. Топтық, жұптық жұмыстар, талқылау тапсырмалары арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тілдік дағдыларын дамытты.
Зерттеу сабағы өз мақсатына жетіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, мұғалімдерге де тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.





