Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Міржақып мұрасы – ұлт мұраты»

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Міржақып мұрасы – ұлт мұраты»

3-сынып жетекшісі Т.Бұлдырықованың ұйымдастыруымен осы тақырыпта мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлт ұстазы, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен құнды мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру, отаншылдыққа, ұлттық рухқа тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында оқушылар жүректен шыққан өлең шумақтарын оқып, Міржақыптай тұлғаның ел үшін еткен еңбегін өлең тілімен өрнектеді.

Сонымен бірге, оқушылардың орындауындағы әсем әндер, би қойылымдары, жатау айту ұлттық өнердің көркін ашып, кеш мазмұнын тереңдете түсті. Балалардың өнері көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Абишов құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушылар мен жетекші мұғалімге алғысын білдірді.

Осындай рухани-танымдық іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың жүрегіне ұлт тарихын, тұлғалар тағылымын сіңіру – біздің басты мақсатымыз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2047764599317739&set=pcb.2047766412650891&__cft__[0]=AZVAupMGrvL2wGmaV-IhwDonSwF6NnwNZkbpJfslA2fCt1RTTtYtvdDGuIYUXVNqwnoAUNTGS13fNAUPpdBGarXpGwGAb-zuF87YnBXzaZZneK7hW_OtiWvBC3jjcvwrFV_39WmZftjLrhJ_Yh_LsP7NI0Q6u3LhshR4wigZDkT3zw&__tn__=*b0H-R