Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы

«Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы

Отырар жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан Республика күніне орай бейнелеу пәнінің мұғалімі С. Жұмаділлаев, Шебер қолдар үйірмесінің жетекшісі Д. Алибекова, кәсіби бағдар беру педагогы Ж.Абуовалардың ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, және патриоттық рухты қалыптастыру. 🇰🇿✨

Оқушылар өз қиялдары мен шеберліктерін көрсете отырып, туған жердің табиғатын, елдің бейбіт өмірін, Тәуелсіз Қазақстанның келбетін, еліміздің рәміздерін бейнеледі. 🌾🏔️🌈

Жас суретшілердің еңбектері жоғары бағаланып, үздік туындылар марапатталды. 🏅👏

Байқау оқушылардың өнерге, отансүйгіштікке деген қызығушылығын арттырды. Республика күні құтты болсын!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2011005746326958&set=pcb.2011006576326875&__cft__[0]=AZWbbr7UuoqaKY8bLf7KEQs6GCysbmB4Ws5IaPjOZPgE6B8-NHPIgceJUK_82qB8x57AqdoK_ZbJUl13NsEQryKFfcTsoqi-_i9u2hrjcpKlNOUp97FsGySisKaEPrdqPEwFtA_QNAQ3qv-7bxcfk8U0RhHCZJgWCkqperjXPT1itA&__tn__=*b0H-R