Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Мен сенемін — менің қолымнан келеді!»

«Мен сенемін — менің қолымнан келеді!»

«Мен сенемін — менің қолымнан келеді!»

тақырыбында 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға психологиялық дайындықты жақсарту мақсатында тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты – ҰБТ алдындағы қорқыныш пен уайымды азайту, оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, позитивті ой қалыптастырып, көңіл күйін көтеру.

Тренинг барысында оқушылармен бірнеше кезең бойынша жұмыс жүргізілді.

Алғашқы кезеңде «Жақсы тілек» жаттығуы арқылы оқушылар бір-біріне ҰБТ-ға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.

Екінші кезеңде «Эмоцияны босату» сергіту сәті ұйымдастырылып, оқушылар өз сезімдерін еркін жеткізіп, белсенді қатысым көрсетті.

Үшінші кезеңде «Сенің күшті жағың» жаттығуы орындалып, оқушылар өздерінің бойындағы қабілет пен мықты тұстарын анықтады.

Төртінші кезеңде позитивті визуализацияға бағытталған «Арманға бір қадам» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар болашақ мақсаттарын көз алдына елестетіп, өз армандарына сеніммен қадам жасауға мотивация алды.

Тренинг соңында релаксация жасалып, оқушылар жақсы әсер алып, өздерін сергек әрі сенімді сезінді.

Аталған тренинг психолог Б. Абдрахимов пен кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуованың ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шара оқушылардың бойында сенім мен позитивті көңіл күй қалыптастырып, ҰБТ-ға дайындыққа тың серпін берді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2083992115694987&set=pcb.2083876642373201&__cft__[0]=AZbnJBwCJ8xH8vpqoytm7i7TrNKvlRsCw_woerd21GPR_NNiKFCPbp7jQsjKzQWwKts4tjIpHtKCuVZQDpF--khu1UV8eBr-CTfALi3jg_2zN3-WeNLZuOW4ZbRgM6bPtY8SHUsy98tlSMUz8Yu1yjYYRorlkz9LDi-IZl1eal58C2GSDKNkYn2HQEyH6HVVUZM&__tn__=*b0H-R