Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Мектептен мектепке тәжірибе алмасу» жобасы

«Мектептен мектепке тәжірибе алмасу» жобасы

«Мектептен–мектепке» тәжірибе алмасу жобасы аясындағы жұмыс барысы

«Отырар» жалпы білім беретін мектебінде «Мектептен мектепке тәжірибе алмасу» жобасы негізінде Қ.Сәтбаев жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары өз пәндерінен ашық сабақ өткізді. Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Д. Ембай ұстаздарды бастап келіп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тиімді тәжірибелермен таныстырды.

Сабақ барысында әріптестер жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді қолдану, оқушы белсенділігін арттыру, критериалды бағалау жүйесін тиімді ұйымдастыру бағытында өз тәжірибелерін ортаға салды. Оқушылар жаңа әдістермен өткізілген сабақтарға қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ашық айтып, тапсырмаларды белсенді орындады.

Қ.Сәтбаев мектебінен келген ұстаздардың кәсіби шеберлігі, сабақты жүргізудегі жаңашылдығы, оқушылармен жұмыс істеудегі мәдениеті – біздің педагогтар үшін пайдалы тәжірибе болды. Әсіресе топтық жұмыс, саралап оқыту, оқушының логикалық ойлауын арттыруға арналған тапсырмалары ерекше әсер қалдырды.

Мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу – білім беру сапасын арттырудың маңызды құралы. Осындай іс-шаралар екі мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, педагогтардың кәсіби дамуына, бір-бірінен үйренуіне үлкен мүмкіндік береді.

«Мектептен–мектепке» жобасы аясында тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасын тапты. Жоба барысында әріптестер өзара әдістемелік қолдау көрсетіп, сабақ беру тәжірибесін жетілдіру бағытында жемісті пікір алмасты.

Төлегенова Шамшат жетекшілік еткен жұмыс күнінде Загипа Ердемкүл апай өзінің ҰБТ-ға дайындық папкасын таныстырып, жүйелі жинақталған тәжірибесімен бөлісті. «Сандар сөйлейді», «Пазл» сынды әдістерді тиімді қолдана білгені үшін әріптестер тарапынан оң бағасын алды.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақыпбекова Злиха мен мектеп директоры Асилбеков Керімбек жоба аясындағы жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, өткізілген шебер-сабақтардың білім сапасын арттыруға қосқан үлесі жоғары екендігін атап өтті. Әдістемелік көмек мұғалімдер тарапынан дұрыс қабылданып, жаңа идеяларға жол ашқаны айтылды.

🔹 Кездесу барысында мектеп әкімшіліктері оқу-тәрбие жұмысына қатысты пікір алмасып, алдағы бірлескен жоспарлар жөнінде де ұсыныстар айтты.

🔹 Сабақтарға қатысқан әріптестер әдістемелік тұрғыдан бай тәжірибе жинап, өз сабақтарында қолдануға болатын жаңа әдістерді белгіледі.

🔹 Оқушылар үшін әртүрлі мұғалімдердің сабақ беруі таным көкжиегін кеңейтуге, оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Осындай өзара ынтымақтастыққа негізделген жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Ұстаздардың кәсіби бірлігі мен ортақ мақсатқа бағытталған еңбегі – білім сапасының көтерілуіне үлкен үлес қосары анық.

Білім алмасу – дамудың кілті!

Барлық қатысқан мұғалімдерге алғыс білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2043861279708071&set=pcb.2043862643041268&__cft__[0]=AZUidfKiRXVZAZ5c8PbpgmgJdC5UG_BD7us2IeFHcgVZZ6quLkadzMOtvNuvlvyvVKImpoXoeJthmi9YCWKL4Bgc8U02EwPO0W3GEbIyp2bOjXvcZhMJzwSX4w-3NRyZmZENoOG4og67GbkWRIKOU3YyQw2EL6aOK3-EjBbIpiCUSw&__tn__=*b0H-R