Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастық қырлары»

«Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастық қырлары»

Мектебімізде 7-сынып ата-аналарының басын қосқан «Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастық қырлары» атты мазмұнды кездесу болып өтті. Бұл жиын – «Адал азамат- біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналарды қолдау және мектеп пен үй арасындағы алтын көпірді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Жиналыстың басты мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті сезіну, жасөспірім шақтағы оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру және мектеп пен ата-ана арасындағы ашық диалогты қалыптастыру.

* Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Абишов сөз сөйлеп, бүгінгі қоғамдағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелерін, мектеп пен ата-ананың тығыз байланысы ғана табысқа жетелейтінін атап өтті.

* Сынып жетекшісі Ш. Балтабаева 7-сынып оқушыларының оқу үлгерімі, тәртібі мен жетістіктері туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Жиналыс тек баяндамамен шектелмей, ерекше тренингтерге ұласты. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті:

* «Белсенділік түйіні» әдісі: Ата-аналар бала тәрбиесіндегі өз рөлдерін жаңа қырынан танып, өзара тәжірибе алмасты.

* «Анамның ең жиі айтатын сөзі»: Бұл сәт баршамызға ой салды. Ананың әрбір сөзі – баланың болашақ тағдырының іргетасы екенін тағы бір мәрте ұғындық.

Бала – аманат, тәрбие – ұлы мұрат,

Ынтымақта болсақ біз, ашылар бақ.

Мектеп пенен ата-ана бірлескенде,

Шәкірттердің таудай боп тасылар бақ.

Білімнің жолы – биік белес, асулар,

Ұстаз бен ата-анада бар асылдар.

Жеткіншекті қолдасақ бір жеңнен қол шығарып,

Болашақтың есігі бізге ашылар!

Бала болашағы – бәрімізге ортақ аманат. Уақыт тауып, баласының ертеңіне бей-жай қарамай қатысқан әрбір ата-анаға алғыс айтамыз. Ынтымақтастығымыз нығая берсін!

#БіртұтасТәрбие #АтаАналарЖиналысы #МектепМеруерті #7Сынып #ТәрбиеТалБесіктен #Ынтымақтастық

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2104004697027062&set=pcb.2104005277027004&__cft__[0]=AZYygCG_8860dTTqYK2E4aBzj2wxb8davOROpEOjTEpgm1be0p9DWcHAT_YF1mv-7Uy4hJEuBqhs1ECQOJ79Jw2Hma1jXALqyq27rJShpOo_84ImXrJlxbLpFNK00XIFz58iWJyFsnFUVX7ic0V0yNuVZBhxlxlKMMeukgOfXv1rhbEZ2DcTQcwvuOcWm6cwEOs&__tn__=*b0H-R